Пәк табиғат таратып – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Пәк табиғат таратып» атты Күләш Ахметова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.08.2018
  • 0
  • 4
  • 14235
Пәк табиғат таратып бар асылды
Жәудір жанар гүлдердің бәрі ашылды.
Әр маусымның өзіндік бояуы бар
Өр бояудың әні бар жарасымды.
Көп тырналар көкте айтып өтті арманын,
Қараңызшы той іздеп топталғанын.
Тілейді жер бұл жазда былтырғыдан
Жапырақ пен жаңбырдың көп болғанын.
Қайран көңіл, әрнеге елең еттің.
Сыршыл жүрек, көргенді өлең еттің.
Сұлулық та — мықтылық
Көрдіңіз бе,
Әйбат гүлге қонғанын көбелектің!
* * *
Соқты да тағдыр — жел еппен,
Айналды тамшы жасқа шық.
Үзіліп түсіп кенеттен
Жапырақ ұшты теректен
Жапырақтармен қоштасып.
Соғады самал есіле,
Жапырақ — жүрек дүрсілдеп...
Күзгі бақтың төсіне
Таңертеңменен несіне
Ілініп қалған бұл сурет?!
* * *
Қар борайды
Ақ қайың қамығады.
Қайрылмаған көктемін сағынады.
Ал адамдар өтуде өз ойымен
Қайыңды ойлап қайғырып не қылады?
Мына жұртты мазалап заттар бөтен,
Елемейді жамылса ақ қар мекен.
Табиғатты адамдар сақтамаса,
Пәк табиғат адамды сақтар ма екен?
Қар борап тұр.
Көк бүршік өлер енді.
Көктем келсе;
Көрсетіп мол өнерді.
Өлең айтып билейтін ақ қайыңға
Қайта-қайта қарағым келе берді.


Пікірлер (4)

Nnur

Керемет❤

Babuur

Мяя осыны жактаткызп койса болама

Даулет

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пәк табиғат таратып өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Пәк табиғат таратып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пәк табиғат таратып өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Пәк табиғат таратып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері