Ақ Жайықтан қайтарда – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Ақ Жайықтан қайтарда» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2668
"Қоғалы көлдер, қом сулар"
Қонысы болған бұл елге
Бір тілек айтып кетейік
Ауылға қарай жүрерде.
Жігерге қанат бітірген
Жауынгер жерге
Тірерге
Табанның бүрі керегін
Кейбіреу кейде білер ме?
Егеулі найза алған ел
Ерекше бүгін Отан боп,
Ерлердің ісі біткендей,
Қайтқандай ескі қатал кек.
Қатар кеп қалған даму да
Даңқ қосып атын атар деп,
Мақтанар кезі туғанда
Мазасыз әлі Махамбет!..
Ақ Жайық суы!
Ақ көңіл елдің мінезі ең.
Еркесі елдің
Екеу де болса,
Бірі — өзің ең.
Аман бол,
Ару ақ айдын!
Жарасар жағаң елменен,
Шөлдеген жақтың көрмеген
Арманы болған ұлы өзен!
Жағаңда аз күн
Естілді менің
Наз үнім.
Күйіне қанып
Дина мен Құрманғазының.
Азының өзі көптен кем
Бола да қоймас,
Нәзігім.
Қызықтап келіп,
Қия алмай,
Қайтқаным —
Жалғыз жазығым.
Қаталға— қатал.
Мейірімге сонша бос ем мен.
"Қарлығаштайын қайта орал
Жыл сайын аман-есенде" —
Десең де,
Сезім
Аңсатқан
Айналып аппақ нөсерге,
Ұзатқан қыздай ұзақтан
Тілеулес болып,
Әрдайым
Жүрермін мен де осы елге!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ Жайықтан қайтарда өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Ақ Жайықтан қайтарда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ Жайықтан қайтарда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ Жайықтан қайтарда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері