Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Көктемнің жұпар исі ме?

Бұл бетте «Көктемнің жұпар исі ме?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1377
Көктемнің жұпар исі ме?
Қараймын көкке сүйсіне.
Жүрекке жайлы жыр құйып,
Жауып тұр жаңбыр исіне.
Қақырап қарлы көрпесі,
Қарайып қапты жер төсі.
Жылтырап ақты жылғалар –
Еңістің еркін еркесі.
Секілді алып ала гүл,
Сағынып қапты дала бұл.
Сырғыған суды сынаптай
Сіміріп жатыр қана бір.
Көктемнің танып таңбасын,
Біле алмай нанар, нанбасын,
Бәйшешек әлсіз үлбіреп,
Көтерді жерден жанбасын.
Көңілдер қанша күпті екен?
Келіндер қанша жүкті екен?
Көктеммен бірге көктеуді
Өмірлер қанша күтті екен?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемнің жұпар исі ме? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көктемнің жұпар исі ме? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемнің жұпар исі ме? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемнің жұпар исі ме? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері