Бас пен қол – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бас пен қол» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1118
Бұрын істің бәрін Бас атқаратын,
Ақыл-ой сол арқылы жасақталатын.
Кейін ол міндет қолға көшті,
Қол емес – сорға көшті.
Кім не десе, соған көне бердік,
Соңынан ере бердік.
Осы орынға осы кісі лайық деп,
Кәне, соған ұсынайық деп,
Басшы айтса болды,
Көтере бердік қолды.
Оның істі білетін, білмейтініне,
Дұрыс жеретін, жүрмейтініне
Әсте қарамадық,
Артық бағаладық.
Құдайдай көріп,
Айтқанына көніп,
Айдауына жүре бердік.
Түшкіріп қалса да,
Ысқырық салса да,
Ыржалақтап күле бердік.
Жиындарда мінбеде
Сөйлей қалса бірдеме,
Дұрыс көріп сонымызды,
Соға бердік қолымызды,
Байқамаппыз сорымызды:
Басымызды шұлғи беріп,
Қалғып-мүлги беріп,
Ауызымыз құлыптаныпты;
Әміріміз өспей,
Шөгерілген көштей,
Бір орында тұрып қалыпты.
Бұл не десек, опыр-ау,
Екен нағыз тоқырау.
Қайтадан заман өзгерді,
Көзіміз ашылған кез келді,
Сөйлейтін еркін сөз берді.
* * *
Қол көп жұмыс жасайды десек те,
Алу керек есепке –
Бастың аты бас болады.
Ішіне үңілейік,
Ақылға жүгінейік,
Бас барлық істі басқарады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бас пен қол өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бас пен қол өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бас пен қол өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бас пен қол өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері