Түркістан – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Түркістан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 1
  • 3787
Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Алыппыз Түркі түбі бір,
Халықпыз тілі, Түрі бір.
Түркістан – тұғыр тірегі,
Мұсылман елге діні бір.
Көсілген байтақ жеріміз,
Түркі де – Қазақ еліміз.
Бәріне ортақ Түркінің,
Түркістан – түндік, төріміз.

Қайырмасы:
Байтақ қазақ жеріне
Жеке қорған Түркістан
Хандары мен бегіне
Мекен болған Түркістан
Бүкіл Түркі еліне
Мекке болған Түркістан.

Құмдала жатқан мұң дана,
Ерекше жайнап нұрлы ана,
Түркістанменен тұр дара,
Қазаққа мақтан бұл қала
Тұрғызған Темір бабамыз.
Түркістан – ғажап қаламыз.
Яссауи Ахмет күмбезі –
Халқымыз сөнбес күн көзі.

Қайырмасы.


Пікірлер (1)

Қоиан

Күшті екен маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түркістан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Түркістан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түркістан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түркістан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері