Алтын ай! – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Алтын ай!» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2231
Тезірек шық ала бұлттан!
Жігіттің жүрегімен алабұртқан
Ойнайды
сырғалары сылдыр қағып,
Арулар сөзі астарлы ән ағылтқан.
Қуанып, қызық дәурен кешті-ау бәрі,
Осында жыр — бұлақтың бастаулары.
Бәрі әуен!
Әуен үшін тағылады
Қыздардың алқалары, шашбаулары...
Әдемі ойын ғой бұл халқыма тән,
Халқымның қазынасын жарқыратам.
Қайта өрлеп, қалықташы Ай астында,
Шаттығы жастық шақтың — алтыбақан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын ай! өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Алтын ай! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтын ай! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын ай! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері