Бұлттан шыққан

Бұл бетте «Бұлттан шыққан» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2944
Таудан қалың тұман түсті.Тұман ба?
Шыбын жаным бөлек екен шығарда.
Бұлттан шыққан Күн де ащы.Сонан да
Көкке көзін қысып қарап тұрар ма?
Мұратыңа жеткізбейді мұң деген.
Көңілдерде көлеңке бар кірлеген.
Өзгелерге не үйретсін ділмәрсіп
Шын мәнінде өз өмірін сүрмеген.
Көзіне айтсам деп жүруші ем көлгірдің.
Көз ұшында жол соқтырды.Болдырдым.
Қадір білер, қасиеттім осының
Түбі қайыр боларына сендіргін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлттан шыққан өлеңінің авторы кім?

Айсұлу Рүстемова‎ — осы өлеңнің авторы.

Бұлттан шыққан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлттан шыққан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айсұлу Рүстемова‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлттан шыққан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері