1997 жыл – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «1997 жыл» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2800
Жаратқан ием, тарылмай таңғы
Нұрын себеді. Тістенбе.
Жүрегім қалай жарылмай қалды
Аспаным Жерге түскенде?
Өрмін деуші едім. Мазағың емен.
Неге де болса шыдаймын.
Өлермендіктен жазамын өлең
Қағазға ғана жылаймын.
Кегі бар тағдыр әлі алмағандай,
Таптайды болып сан қайғы.
Жүрегім еттен жаралмағандай
Көзімнен тамшы тамбайды...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері