Елу алтыншы жылы туғандар – Ертай Ашықбаев

Бұл бетте «Елу алтыншы жылы туғандар» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1139
Жаңартыңдар жүректеріңді ескірген,
Жайнаңдар. Кәдімгідей тулаңдар.
Кем емессіңдер ешкімнен,
Уа,
елу алтыншы жылы туғандар!

Рас, өмір шаршатты,
Кезікті тірліктің түрлі лебі.
Көрдік қаншама бану-күнді, бал-шақты,
КазГУ-дің гүлдері үлбіреді.

Бай болдық қызыл-жасыл түрге енген,
Күн кештік маңдайымызды мұң тұтпай.
Уа, мына Шаһизада кімнен кем,
Кімнен кем әйтпесе Мылтықбай?!

Кем емес. Артық.
Болдық. Толдық.
Ұштық аспанда қалқып,
Қондық.

Келіңіз. Қоныңыз қасымызға,
Демімізге ерімейді нендей сыз?!
«Біз сендердей жасымызда…»
Әрине,
сенбейсіз.

Әрине,
әңгімеміз тыңдалмайды,
Жаз өтті, гүл — ғайып; қыс келді, алма — ғайып.
Өмір, біз болмасақ, кімді алдайды?
Жарайды,
алданайық.

Алданайық. Көрсетейік ырза көрік,
Өткен-кеткен өкініштерді қазбаламаңдар, қумаңдар.
Жүрейік аңқау мырза болып,
Уа, елу алтыншы жылы туғандар!

Гүл қашан солады, жауады қашан қар?
Оған көңіл бөлмеңдер.
Сөйтіп, ұзақ жасаңдар,
Мүмкін болса,
…өлмеңдер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елу алтыншы жылы туғандар өлеңінің авторы кім?

Ертай Ашықбаев — осы өлеңнің авторы.

Елу алтыншы жылы туғандар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елу алтыншы жылы туғандар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ертай Ашықбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елу алтыншы жылы туғандар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері