Қоштасу – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қоштасу» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5185
Соңғы рет сенің бейнеңе,
Қиялмен құшақ жайдым мен.
Ояттым ойды кеудеде,
Жасқаншақ, ұяң қайғыммен.
Махаббатыңды еске алдым мен.
Жазымыз кетті тез өтіп,
Өмірді, бізді өзгертіп,
Ақынның үшін сүйгенім,
Көрдей түнек кигенің,
Сен үшін сөніп, күйредім.
Қабыл ал, құрбым, елжіреп,
Қоштасқан сөзді соңғы рет.
Жесірдей қалған зар жылап,
Досыңдай құшқан қалжырап,
Айтылар зындан алдына,
Жүректің сөзі бар мұнда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоштасу өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қоштасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоштасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоштасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері