Ымырт жайлап – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Ымырт жайлап» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 648
Ымырт жайлап,
Көшелерді бүркеген,
Сіңіп бара жаттым соған бірте мен.
Ара-кідік
Шам жарығы шалғанда,
Көлеңкемді көріп қалам,
Тіркеген.
Зорға келем сіңіріме
Ілініп,
Маңдайымды тауға соқтым
Күбініп.
Қатарласа қанденменен қаңғырам,
Ит өмірде
Итшілігім білініп.
Көңілімді кететұғын бөліп бес,
Құйымырдың күлкісі де
Елітпес.
Ой-санамның терезесін қағып тұр,
Ақыл деген адасып қап,
Келіп кеш.
Ай туыпты көтеріліп,
Маңдайдан,
Ілді шыршу шалындырып,
Шалғайдан.
Алматыдан аулақтатып,
Әкетіп,
Тартып бара жатқан мені
Қандай дәм?
Ымырт жайлап,
Күдік жайлап көкейді,
Сан сауалдар оғын миға төпейді.
... Қапы кетсем,
Қаптап жүрген қандендер,
Қаңғыбастық борышымды
Өтейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ымырт жайлап өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Ымырт жайлап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ымырт жайлап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ымырт жайлап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері