Есілге қонды Елорда – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Есілге қонды Елорда» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өзендер қайда Есілдей?!
Тасқыны – өмір көшіндей.
Атақты «Жекебатырдай»,
Жатпайды еркін көсілмей.
Қайда бар өзен Есілдей?!
Тыншымас мұздан шешінбей.
Көк толқын ақ жал бұлқынған
Сұлудың мамық төсіндей.
Қуантты Есіл талайды,
Жарылқап жатыр маңайды.
Қостанай, Көкше, Түменге
Есілдің суы тарайды.
Алқа ағаш – аппақ орманы,
Ақ бидай – өрде орғаны.
Жағасында – Қызылжар,
Түстікте елдің қорғаны.
Сарыарқаның төсінде,
Әлемнің озық көшінде,
Астана келіп орнады
Көгілдір, көркем Есілге.
Серпілтсем ешбір қысылмай,
Молшылық – жазым, қысым – бай.
Есілге қонды Елорда
Қазақтың бақыт құсындай.

15.04.2012.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есілге қонды Елорда өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Есілге қонды Елорда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есілге қонды Елорда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есілге қонды Елорда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері