Кей кезде

Бұл бетте «Кей кезде» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2751
I
Жаным менің жас шағымдай түлейді,
Жасағаннан жалынды оттар тілейді.
Шығар күннен сөнбес шырақ сұрайды,
Батар күннен өлмес мұрат сұрайды.

II
Сыртым тозса тозған шығар қайтемін,
Ішім әлі ескірген жоқ әйтеуір.
Жүрегімнің оты өшпес болғаны,
Ақынмын ғой, амалдармын қалғанын...

III
Қарамаймын бұдан былай айнаға,
Сынсын айна жарамайтын пайдаға!
Жетеді осы атанғаным қайын аға,
Бұдан нашар болады деп ойлама!

IV
Ұйқым қанса көңілдімін күнде мен,
Сөйлеп кетем неше түрлі тілде мен.
Ойнап кетем баламен де бірге мен.
Сайрап кетем бұлбұлмен де бірге мен.
***
Неге маған қарайсың, сынаймысың?
Мен қарасам қайтер ең шыдаймысың!
Неге қарап жымидың, күлемісің,
Жымиғаның ұнайды, білемісің.
Қорқытам деп ойлайсың, тым жаспын деп,
Ұлдарымен ағайдың құрдаспын деп.
Байқа, шырақ, сақтық та мақұл шығар,
«Қуа берсең қорқақтап батыр шығар».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кей кезде өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Кей кезде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кей кезде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кей кезде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері