Әйелдер жасарып келеді – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Әйелдер жасарып келеді» атты Абдрахман Асылбек жазған әйел туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1928
Екі дос кездесті,
Кездескенде не десті:
– Айтайын бір жаңалық,
Жаңалық болғанда – даналық. –
Осы екі аралықтағы
Қандай жаңалық тағы?
– Әйелдер жасарып келеді,
Жасарғаны сол, қасарып келеді.
63 жасқа дейін жұмыс істейміз деп,
57 жасты місе тұтпай,
Марченконы бірден құптай,
Еркектерден өш алып келеді.
– Мынауың жаңалық та емес,
Даналық та емес,
Ел естімеген сұмдық қой.
– Сұдық емес, шындық қой.
Әйелдер әу бастан,
Өз пікірлерінен таймастан,
Гендер деген саясатты тауып,
Ниеттері біржолата ауып,
«Еркектермен теңесеміз,
Билікте бір кекеңсеміз.
Өйткені, осыған дейін
Кетіп жүр көп есеміз.
Теңдіктен қалайша құр қаламыз?
Үйде де бір боламыз,
Түзде де бір боламыз.
Қызметті де бірдей атқарып,
Ырғаламыз, жырғаламыз», –
Деп, бөспеді ме,
Ақыры қызметте өспеді ме?
Парламентке дейін көтерілді,
Ойларында от өрілді.
Еркектерін менсінбеді,
Өздерімен теңсінбеді.
Тіпті, кейбір кезде
Бізден кемсің деді.
Гендер саясаты соған жеткізді,
Әйелдерді «падиша» еткізді.
Үй жұмысын жиып қойды,
Бала табуды тыйып қойды.
Өздерін еркектерден
Әлдеқайда биік қойды.
57 жасқа келсе де,
Беттерінде әжім өрсе де,
Отырғанды артық көрді
Үйден гөрі кеңседе.
Мұны Марченко біле қойды,
Құлағын түре қойды.
Іздегенге – сұраған,
Жауабы, міне, оған:
«63 жасқа дейін,
Маңдайларың тигенше тасқа дейін,
Батып бейнетке,
Шықпайсыңдар зейнетке».
Деген заңды шығартып жіберді,
Еңбек жасын ұзартып жіберді.
– Е, онда, әйелдердің жасарғаны ғой,
Баяғыдан бас арманы ғой,
Еркектерден аса алғаны ғой.
Қызметке бару үшін,
Мол ләззат алу үшін,
63-ке жетсе де,
Дәурені өтсе де,
Айнаға қарануы керек,
Қызынан қалыспай тарануы керек.
Тіпті, биге де барар,
Бір жағы кино да бар.
– Қоя тұр, – деді досы,
– Не деп кеттің осы?
О заман да бұ заман,
Мұсылманда дін аман,
Қазақтың әйелдері
Әдепті еді ғой әлемдегі.
Қызмет дегенді білмеген,
Бірге шығып күлменен,
Үй тірлігінен аспаған,
Артық адым баспаған.
Бар міндеті – бала табу,
Ата менен ана бағу.
Күйеуін тыңдау,
Айтқанын екі қылмау,
Қонағын күтіп, сыйлау.
Осындай игі іспенен
Әйел мәртебесі түспеген.
Керісінше, абыройы арта берген,
Үлкендер алғыс айтып, бата берген.
Мәдениетті өрісті елде:
Ағылшын, француз, немістерде,
Басқа елдерде де көптеген
Әйелдер қызмет етпеген.
Орындалуы үшін тілеуі,
Жақсы көруі үшін күйеуі,
Ең әуелі, әуелі,
Болу үшін әдемі,
Өзін күткен үнемі.
– Жо-жоқ, досым-ау,
Мына сөзің тосын-ау.
Біздің әйелдер олай емес,
Қиынның қиыны, оңай емес.
Өзін де, күйеуін де сыйламайды,
Ол үшін жанын қинамайды.
Қызметін бәрінен артық көреді,
Сол үшін тантып келеді,
Жазаларын тартып келеді.
* * *
Өздеріне де обал жоқ,
Еркектермен таласса, амал жоқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйелдер жасарып келеді өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Әйелдер жасарып келеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйелдер жасарып келеді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әйел туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әйелдер жасарып келеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері