Бұрылу – Сұраған Рахметұлы

Бұл бетте «Бұрылу» атты Сұраған Рахметұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1253
Басыңа келген ойларды үркітіп, басыңа –
қарсы тымағың...
Жап-жасыл ғаламың төбеңнен төнеді,
жаныңда жарты жұмағың!
Барлық сұмдыққа шыдаған шыдамың,
Құлағың естиді тереңде жылаған тұма үнін.
Бір гүлдер бүр жарып, бір күнде шеңбер
түгеді,
Жамандық жасайтын уақыттар кем,
білсем...
Басқа бір жүректің дірілін сағынып жүдедің,
Бір ғана сөзбенен өлдің сен...
Жусан ұшында жуас ырғақтар саулап,
сүріндің...
Көңілшек бұлттар шайқады.
Арғы бетіңнен өлең жауады... ақ солғын
ашаң түріңнің;
Көзіңнің жасы айтады!?
Уа, алғыс әйтеуір, қаңқылын өрдің
бір қаздың,
Уақытша болсын, жердің шетінен
бұрылдың!
Тас қабірлерге табынып жүр едің,
жыр жаздың,
Бір ауыз сөзбен тірілдің!?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұрылу өлеңінің авторы кім?

Сұраған Рахметұлы — осы өлеңнің авторы.

Бұрылу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұрылу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұраған Рахметұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұрылу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері