Көктем – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Көктем» атты Сапарғали Бегалин жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2402
Көңілді көкке өрлетіп көктем жыры,
Көл шалқып көк майса боп ой мен қыры,
Сылаңдап сылқ-сылқ күліп сайда бұлақ,
Мал мен жан масайраған жазғытұры.
А-а-ай шіркін-ай, жазғы тұры.
Мыңғырып сай-салаға мал өргенде,
Мамырлап көл еркесі қаз келгенде,
Керілген кең өлкемде келісті өмір,
Сайраңдап салған егін жасыл белде.
А-а-ай шіркін-ай, жасыл белде.
Елімнің сүйіктісі — Еңбек Ері,
Ексең дән, өргізсең мал бақыт кені,
Жарқылдап жазбен бірге шықсаң қырға,
Жанымдай жақсы көріп сүйем сені.
А-а-ай шіркін-ай, сүйем сені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері