Үнсіздік – Ажар Ерболған

Бұл бетте «Үнсіздік» атты Ажар Ерболған жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Хат жазбаған,
қоңырау да шалмаған -
Үнсіздікпін. Үнсіз ғана ұнатам....
Сенің аппақ жүрегіңнен аумаған,
Ақ қар болып атты бүгін мына таң.

Сағыныш қой,
Сағыныш қой егілген -
Бейуақытта көзін сүртсе арманым.
Қар жауса да сендей болып көрінген,
Елесіңе сіңіп кетті жолдарым.

Биіктігің
Бәрінен де бағалы,
Сиып тұрған жалғыз ғана әніңе...
Өзің жүрген сонау алыс қаланы,
Сол жүрекпен сүйіп жүрмін әлі де.

Сол жүрек ғой
үнсіздікті ұнатқан,
(Мөлдір мұңға керегі не өзге әуен?!),
...Көз алдымда жауап күткен сұрақтар,
Күтпеңдерші! Күтпе мені өзге әлем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үнсіздік өлеңінің авторы кім?

Ажар Ерболған — осы өлеңнің авторы.

Үнсіздік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үнсіздік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ажар Ерболған өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үнсіздік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері