Бұл көктем сен жазған ән сынды
Бұл бетте «Бұл көктем сен жазған ән сынды» атты Ажар Ерболған жазған табиғат туралы өлең берілген.
-
admin
- 05.02.2024
- 0
- 0
- 1004
Бұл көктем сен жазған ән сынды,
Жалғыздық ішінен күліп тұр.
…Қайғымды бітпейтін жол сынды,
Жай ғана ұмыттыр.
Қала да ән сынды кей шақта,
Мөлт ете қалатын көңілден.
Жан мұңын елемей қойсақ та,
Жанарын қайтеміз егілген?!
Сен жазған ән неге тым ыстық?
Адасқан көңілім секілді.
Жолдарда жоғалған тыныштық
Үнсіз кеп, мұңайып отырды…
P.S.
Ашпаса да
күйбең күннен қабағын,
Мынау қала
әдемі ғой әніңмен.
Тірлік тонап
өзгерсе де жанарың,
Өзгермеші жаныңмен.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі