Бей жаз – Сұраған Рахметұлы

Бұл бетте «Бей жаз» атты Сұраған Рахметұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.10.2020
  • 0
  • 0
  • 808
Арланның алыста ұлыған үнінен мейірім
құлаған жаһаннан,
Ай шіркін аунақшып, кең балақ сайлардың
азуы қышыған,
Жылы қан иісінен қыңсылап күшіктер, жылаған
апаннан.
Қоңыр жел еседі қобыздың сарыны,
ырғайдың ұшынан...
Қорқыныш аялдап өтеді, қорымда қорғалап,
қораның тұсынан,
Бұлттардың қоңынан жабысып, құртқаның
қып-қызыл сояуы,
Оянар ақ үйлер атамның аяни
таңдағы таңғалысынан!
Арланның көзіндей жұлдыздар саңылаулап
құлпырған бояуы,
Таулардың бояуы тарылаудың бедері,
тастағы қынада,
Миуа алаптың мың түрлі күбірі, сыңғырлы
тірі үні.
Жылқының дүбірі қиқулап өтеді бұлқынған
тұмадан,
Аспанды қақ тілген бүркіттің қанаты,
бөрінің ырылы...
Бей жәннат жайлаудың тынысы –
Дараның уысы,
Өркешін бұлт шалып, табаны жер иіскеп,
түйелер күйсейді
сағымды.
Бұлғынның көгінде айналып, жүрегім
жүр ұшып,
Таңбалы тастардан іздейді
баяғы жоғалтқан балалық шағымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бей жаз өлеңінің авторы кім?

Сұраған Рахметұлы — осы өлеңнің авторы.

Бей жаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бей жаз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бей жаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері