Ескі жер – Сұраған Рахметұлы

Бұл бетте «Ескі жер» атты Сұраған Рахметұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1090
Бір толқып, өксіп жылап ап, желменен
кеулеп,
Өткінші бұлттар үркіп келеді өкшелеп көктем
қуалап,
Өртеніп барады өлең кернеген кеудем,
көктен құлаған.
Ой - һой... айтарым көп еді... өкпелі
Ай жайлы...
Отармен өріп, өрік көл көшеді, ұза-а-ақ ой
қаптап!!!
Ботаның боздауы –
Қорқыттың нотасын көкке
байлайды,
Қозы-лақ жамырап, бұзау ойнақтап!
Сағымды-ай!
Бұла маусымды тұрасың қалай қатты
сағынбай!?
Даусымның жыртығын жамап шіркін,
бұлақ аунайды,
Жанымның күмбірлі шабытты шағындай!
Жуаның бүріне сақтап кетсем бе,
мына жайлауды...
Жайлы ымыртта айдынға шылаған
сары майды ұрттап ап,
Мұрты күйген бұлт байғұс қайқаңда
майпаң қағады!
Аттың ізіне жұлдыздар құлайды,
Ай жұмыртқалап,
Арай қалғиды жайлап байтаң далада...
Мен үшін кең іргем, тегімнен кере-е-мет
күзеу!
Кенішімдемін жұпар жусанмен, самалмен
қауышып!
Ескі желіде ең ғажап үн...
Елең еткізер!
«Қарғам-ау!» - деген анамның дауысы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескі жер өлеңінің авторы кім?

Сұраған Рахметұлы — осы өлеңнің авторы.

Ескі жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескі жер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұраған Рахметұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескі жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері