Алыстап барады бұлт қабаттарында – Сұраған Рахметұлы

Бұл бетте «Алыстап барады бұлт қабаттарында» атты Сұраған Рахметұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1159
Алыстап барады бұлт қабаттарында,
Архимед шеңбері секілді
Құстар!
Оларға кеңістен жол беріледі тылсымдар
сыбырлап,
Оқиды қанаттарымен соңғы емілені.
Шексіздік синустарындай ауада ұшқан
дыбыстар.
Жапырақ үні ме, кім не біледі?
Сұрақ...
Құрақ бұлттарға құлап, қанатын іледі...
Құстар алыстап!
Сандырақтайды, уақыт жылайды қысқан
ағыстар.
Соңында ұзын денелер,
қалқиды – Айдың табына балқыған қызыл
кемелер.
Архимед шеңбері секілді құстар, ағыстар
ағады!
Тастың бетіне гүрс-гүрс тамады...
Сиясы лағыл қыш қаламұштар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алыстап барады бұлт қабаттарында өлеңінің авторы кім?

Сұраған Рахметұлы — осы өлеңнің авторы.

Алыстап барады бұлт қабаттарында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алыстап барады бұлт қабаттарында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұраған Рахметұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алыстап барады бұлт қабаттарында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері