Иірім

Бұл бетте «Иірім» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1134
Ақшамда
Өзен иіріміне ұзақ үңілсең,
Өзіңді сезінесің кісідей
Алыс ғасырларда өмір сүрген бізден.
Түпсіз сезім шыңырауына жүгінсең,
перінің қызы дерсің Айды
сарғылтым шілті жамылып суда жүзген.
Өзіңнің ұмытылғаныңды ұмытпау үшін
Түпсіз ойға бату қолайлы –
Өзен иіріміне малтыққан Ай сәулесіндей күңгірт.
…Жүзінен мың раушан жұпары аңқыған әлдебір мүсін
Құлаш ұрғандай, шымырлаған толқындарға сүңгіп …
Бәлкім, ұмытылған махаббатыңды ұмытпау үшін
Жалғыз қиял кешу жарасымды…
Жалғыздығыңды ұмыту – күнә.
…Өзіңнің Әлдекім екеніңді ұлықтау үшін,
Ешкім еместігіңді еске аларсың, сірә…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иірім өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Иірім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Иірім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Иірім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері