Көбелек - ІІ

Бұл бетте «Көбелек - ІІ» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 718
Мен ғашықпын періштедей мүсінге,
Көбелекке — қос қанаты дір қаққан.
Бейне тылсым музыкалар ішінде,
Жаралғандай ұйқастар мен ырғақтан.
Соны аңсап құлазимын түсімде,
Сағынышқа шым, шым батқан, шым батқан.
Қос иықта қос қанаты — піріндей,
Гүлден баяу көтерілер дірілдеп...
Күн сәулесі інжу шашқан іңірде,
Отырамын жыр шарабын сіміріп.
Шырын сорған оның балғын тілінде,
Сөздер балқып жатқан сынды тым ұлы.
Қайталанбас музыканың үніндей—
Қанатының әр бір қаққан дірілі.
Гүлден баяу көтерілер күлімдеп,
Қос иықта қос қанаты — піріндей.
Санамдағы сағынышты жегенде ой,
Арманымдай елестейді үкілі.
«Сендік арман арғы әлемде!» дегендей,
Жұлдыз толы жүрегімнің лүпілі.
Немесе бір жазылмаған өлеңдей,
Қойылмаған нүктесі мен үтірі...
Қос иықта қос қанаты — піріндей,
Гүлден баяу көтерілер дірілдеп.
Қызыл, жасыл, қоңыр, яки күлгін бе,
Мың бір түрлі бояулармен жарасып;
Мен жазатын ең соңғы жыр мүлдем,
Тағдырыма тауысқанша бал ашып;
Қара түнге айналғанша қарашық;
Рухымның иісі аңқыр бір гүлден —
Гүл емес-ау, гүлдің әсем лаласы.
Сосын мен де ұшам көкке күлімдеп,
Қос иықта қос қанатым дірілдеп...

2006 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көбелек - ІІ өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Көбелек - ІІ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көбелек - ІІ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көбелек - ІІ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар