Күз

Бұл бетте «Күз» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 654
Күз.
Айналам сап-сары,
Сап-сары атырап.
Алдыма кеп құлайды,
Құйын қуған жапырақ.
Оларды кім шектейді,
Сағынышы – салқын үн...
Құлағымнан кетпейді,
Қайтқан құстың қаңқылы.
Еркіндікпен табысып,
Барады ұшып сетерлер.
Қанатына жабысып,
Бірге ұшып кетер ме ем.
Дала тәнін шымшылап,
Ұялайды үсік кеп.
Қиялымда қыңсылап,
Жұртта қалған күшіктер.
Үнсіз ғана мұңдасқан,
Беймаза бір тіршілік.
Күңіреніп күзгі аспан,
Күзгі өзен күрсініп...
Жүрегімді бөлшектеп,
Жанарымда мұң басым.
Сұрғылт тұман көрсетпей,
Сұры даланың сұлбасын.
Мың жапырақ – мың сұрақ,
Жерді құшар ұшып кеп.
Қиялымда қыңсылап
Жұртта қалған күшіктер...

2003 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Күз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері