Жылқылар

Бұл бетте «Жылқылар» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 870
Олар шұрқырап сұп-сұры тұманнан шығатын,
Қайтадан кіретін сұп-сұры тұманға.
Дүбірден дүниенің жүрегі дүрсілдеп тұратын,
Жаңғырып бейуақ кіл аңғар...
Қолымызға құрық ап құла дүзден іздейміз,
Іздейміз оларды –
Көшпенді жылқысын.
Құла ма, қоңыр ма, қылаң ба... білмейміз,
Біз үшін беймәлім түр-түсі.
Бізді де солардай барады жеміріп,
Уақыт пен қара жол –
Ирелеңдеген қос жылан!
Жалы мен құйрығы сусылдап, төгіліп,
Бұл күнде олар тек түсімде осқырар.
...Іңірде жатқан бір жандайын есінеп,
Тарихым ұмытқан олардың тұяғын.
Мен оны мінемін да-ла-лар төсінде,
Иә, бұл кәдімгі ақынның қиялы.
...Енді үнсіз отырмын
сағыныш сарғалдақтарын бүрлетіп санада,
жусаны бұрқырап
көктем ғой бұл мезгіл құлпырар.
Құлазу кейпіндегі
мендік бұл қасіретті білмейді тағы олар,
Кісінегім келеді бейуақ...
Шұрқырап...
...Қайда сол үйірлі жылқылар?!

2007 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылқылар өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Жылқылар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылқылар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылқылар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері