Өрмекші – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Өрмекші» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 690
Екі дәуірдің арасын бөлген
ақжал толқынды өзен,
Кешіп өтудің мүмкін еместігін
жон арқаңмен сезесің.

Жүзіне Уақыттың мұңлы табы
ұялаған әлдебір кезең –
Бозаң да бозғылт торғынға
жасырған өзінің елесін.

Егіз қара таудың
Сілемін бағзы өрмектер қосады –
Шым-шытырық жолдардың өксігімен өрілген.
Буырыл
О бір дүниеде бүлкілдеп бұлақтар жосады,
Жасыл жамылшынмен көмілген.

Кешегі көргеніңнің барлығы
бүгін түс секілді ізім-ғайым.
Боз жусан жұпарын сімірген
боздақ қыр құшырлана.

Ғұмыр-дария –
Таң мен Кештің өткелегіне
тіршілік торын жайып,
Өз несібіңді Тәңірден күту ғана…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өрмекші өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Өрмекші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өрмекші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өрмекші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері