Құлагер
Бұл бетте «Құлагер» атты Ақан Сері Қорамсаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жел соқса, қамыс басы майда деймін,
Атыңды, ат айдаушы, айда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,
Жығылмаса Құлагер, қайда деймін?!
Түбінен дәйекшінің тұрдым тосып,
Алушы едім бәйгеңді талай қосып.
Отыз ат уәделі өтіп кетті,
Сол жерде тұра алмадым, денем шошып.
Міндім де Саралама, тұра шаптым,
Бәйгі алам деп, бұл істен залал таптым.
Намазшам, намаздыгер арасында
Баланы жылап жатқан әрең таптым.
Құлагер, айналайын шабысыңнан,
Атағы елге шыққан дабысыңнан.
Біліп ем өлеріңді, Құлагерім,
Шыңғырған түсімдегі дауысыңнан.
Құлагер, шешең сұңқар, әкең тұлпар,
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.
Сен өлсең, орнын басар көк бесті бар,
Болады, Құдай қосса, о да тұлпар.
Құлагер, жаз жайладым, күз жайладым,
Тұсына қызды ауылдың көп байладым.
Өлді деп Құлагерді естігенде,
Бір тұрып, бір отырып, ой ойладым.
Құлагер, құлыныңнан керім едің,
Нағашым сұрағанда беріп едің.
Жылқымды Жыланшыққа айдағанда,
Бір сыншы, көзің шыққыр, көріп еді.
Құлагер, топтан озған жүйрігім-ай,
Жарасар келте жібек құйрығың-ай.
Түбіне Ерейменнің айдап келіп,
Құдайдың қарай қойшы бұйрығын-ай.
Тұлпардың аунағаны туған жерің,
Биеден туа бермес сендей құлын.
Жүз қой мен он төрт құр ат, төрт тайтұяқ,
Бір жолда әперіп ең ердің құнын.
Шыныңмен өлгенің бе, Құлагерім,
Салбырап саптаяқтай төменгі ернің.
Баспа-бас қызға бермес жануарым,
Басылмас бір шырқамай менің шерім.
Құлагер, нұрың кандай, даңқың қандай,
Тұрушы ең тоғыз шелек суға қанбай.
Бәйгеге жүз шақырым айдағанда,
Жүруші ем ауыздықпен тоқтата алмай.
Құлагер, жерді жарған дабысың-ай,
Өлгенше бұзылмаған шабысың-ай.
Өлімің адамзатпен бірдей болып,
Кетті ғой қалың елге дабысың-ай.
Адамзат даңқыңды естіп қайран қалған,
Атағың Орта жүзге мағлұмданған.
Құлагер, мен қайтейін қайғыланбай,
Шырқатып пластенке әнге салған.
Құлагер, құланыңнан жайлатқаным,
Басыңа ноқта, жүген сайлатқаным.
Тартыншақ жаман әдет қыла ма деп,
Артыңнан бір балаға айдатқанмын.
Құлагер, айналайын тұлпарым-ай,
Бір көрмей тұра алмайтын, сұңқарым-ай.
Даңқыңа бүкіл адам ғашық болып,
Бір көрсек деп тұратын іңкәрім-ай.
Қапыда өліп кеттің, жануарым,
Жібектей күлтеленген құйрық, жалың.
Өлді деп, жануарым, есіткенде,
Шықпады уақыт жетпей шыбын жаным.
Қарағым, айналайын Үркеккерім,
Шықпаған қанша шапсаң ащы терің,
Бір сенің жолыңда боп жұрттың көзі,
Тілегіңді тілеуші ед жұртың сенің.
Құлагер, саған келген бұл бір керім,
Үш жүзді сайран қылған Ақан серің.
Сібірден сегіз дуан қоймай озған,
Қой мойын, қоян жақты, сандал керім.
Күйдірдім отқа салып ашудасты,
Не көрмек әлі де болса басым жас-ты.
Тұсында ешбір жүйрік ілесе алмаған,
Күйігі Құлагердің басылмас-ты.
Құлагер, сені өлгенше міне алмадым,
Өлгенше сайран етіп жүре алмадым.
Өлді деп Құлагерім естігенде,
Ой ойлап орынымнан тұра алмадым.
Бағаңа ділдә беріп алдым сатып,
Ойнатып қызығыңа жүрдім батып.
Бәйгеден жалғыз дара алда келіп,
Жүріп ем бар халықты таңырқатып.
Аузыңа қос ауыздық салып едім,
Сені алып ел шетіне барып едім.
Бір жолы бәйгесіне Құлагердің
Он жылқы, екі жамбы алып едім.
Қолымда ақ қағаз бен қалам, сия,
Кетуші ем сен барыңда елден қия.
Артыңнан тағы шығар бір аягөз,
Көзімнің шүкір қылдым жасын тыя.
Менің атым, сұрасаң, Ақан серің,
Хазірет Ғали дүлдүлі тұлпар керім,
Дүниеде оған жетер ат бар ма еді,
Өлді ғой, мен қайтейін, Құлагерім?!
Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.
Атығай, Қарауылға олжа салған
Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім.
Құлагерді өлтіргендей алдым несін,
Әркімнің Тәңірім берген несібесін.
Қас қылған жануарым Құлагерге
Жауызға бар тілегім - өлім берсін!
өте әдемі жазылған
маған да ұнады
Керемет
Керемет
Құлагер қанша атпен жарысқа түседі? Білсеңіздер айтыңыздаршы
Ақан Серінің (Ақжігіт Қорамсаұлының) Құлагер атты тайы, Қараторғай атты бүркіті, Көкжендет атты қаршығасы болған. Мен Астана қаласындағы №35 мектеп-лицейінің 4 "А" сынып оқушысымын. Шын атым (Айымжан), өтірік атым (Айка).
Тамаша
Керемет жазылған бирак катесиз жазу керек
ӨТЕ КЕРЕМЕТ! МАҒАН ҚАТТЫ ҰНАДЫ!
Құлагерді аяп кеттімм
Маған қатты ұнады әсіресе құлагер атты өлеңі
Өте кушті жүрегіңді жібітеді!
Өте күшті əңгіме екен
өте керемет жазылған маған ертеңгі сабақта 5 алатын болдым
500 атпен жарыска түседі
ӨТЕ КЕРЕМЕТ ЖАЗЫЛҒАН .ҮЛКЕН ҮЛКЕН РАХМЕТ
Тамаша окыганда ерекше сезимде болады екенсин
өте керемет жазылған бірақ құлагер аяйсың
я аяйсың
өте керемет
ЖАҚСЫ ЖАЗЫЛҒАН
Иа аяисын жылагым келип кетти
Kushti eken
керемет жазылған
Иа керемет
Керемет тамаша
Өте күшті
Өте керемет , жүрегің ,жібиді
Өте керемет
Керемет жазылған өлең
Өте жақсы жазылған поэма
Керемет өлең
Акан сері поэмасы оте кызыкты окуга кенес берем
кулагер 1500 дей атпен байге ге тускен
Окуга кенес берем.Оте асерли поэма.
Ақан Сері Қорамсаұлының Құлагер атты поэмасы мықты
Оқырмандарым, бұл -өлең. Өлеңді Ағжігіттің (Ақанның) 1813-1873 өзі жазған. Құлагер поэмасын Үш бәйтерегіміздің бірі - І. Жансүгіров 1894-1938 жылдарда жазған. 1300 атпен жарысады. Құлагерді өлтірген адамның аты бас бәйгені алады. Батыраштың Көктұйғыны.Е
Әдемі әдемі
Өте керемет
унамады жаман жазган
Осындайда жаттау барма фуу ұнамады маған
Норм вроде болады
Өте дұрыс, жинақы жазылған ой.
Керемет мундаи дулдул тумас казан ат кои
Құлагерді өлтірген Батрашпен Қотраш оңбаган аргындар алтай бөлімі
Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын жаманың жамандығын айт құты қашсын Құлагерді өлтірген арғынның алтай бөлімінен азғындар Батрашпен Қотраш
Өлеңді оқығанда бірден ішке бір ой келеді екен. Сөздері қарапайым, бірақ астарында бір ауырлық бар сияқты сезіледі. Кейбір жолдары өз жағдайыңды есіңе түсіріп жібереді.