Самал боп сағынышым, кел, кел маған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Самал боп сағынышым, кел, кел маған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 832
Самал боп сағынышым, кел, кел маған,
Бір күйді берші, шертіп, шерте алмаған.
Мен сенің көз тиер деп, арқандалған
Ноқталы ботаң болдым, көркем далам.
Бар ма екен өз алдыңда аздап кінәм,
Кінәмді тазалайын, қозғап бір ән.
Жылына бір көрмесем мен өзіңді,
Ішімнен үн шығармай боздап тұрам.
Тынамын, тынамын ғой, ойлап бәрін,
Құлайды тау басынан жайлап таңым.
Сол таңға жуынып бір жас баладай,
Еркелегім келеді, ойнақтағым.
Қалайды жанбай жатып кім сөнгенді,
Жер басып аман-есен жүрсем болды.
Ақ аспан! Арман еткен ағыл-тегіл,
Төбемнен құя берші жыр сәулеңді!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Самал боп сағынышым, кел, кел маған өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Самал боп сағынышым, кел, кел маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Самал боп сағынышым, кел, кел маған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Самал боп сағынышым, кел, кел маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері