Кітап бедерлеріне ұқсайды бөрене кесінділері – Сұраған Рахметұлы

Бұл бетте «Кітап бедерлеріне ұқсайды бөрене кесінділері» атты Сұраған Рахметұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1321
Кітап бедерлеріне ұқсайды бөрене кесінділері,
Бұтаққа көлеңке түнейді, үрейлі елестер түрі,
Қабығы алтындай сарғыш кемерлі кеш үлбірегі.
Өңшең өлі сүгіреттер тірі...
Өткен шақ парақтарыңдағы өңді шешіндіреді,
Уақыт күнде ең соңғы реткі тілектері мен сырын,
Ғұмыры әлсіздеу дір еткен гүлден көреді.
Күллі дүние есті хайуандардың жүректерінде сіңіп,
Ауа мен ағаш бір жерде өледі.
Құпия жұмақтың үміті бұрынғы ұғымда –
ұрғашы заманның жатырларында.
Ғажайып тағдырлар тұнып тұрады тірі балықтың
уылдырығында,
Таңды қарсы алған тауықтың шақырғанында!
Осынау ғұмырлар пендені дәйім құнықтырады,
Себебі, көктемнің біткен тағдыры қыстың қолында,
Шидің басында жарық күміс шырағы...
Келешек!
Келешек!
Тек қана құстың жолында!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кітап бедерлеріне ұқсайды бөрене кесінділері өлеңінің авторы кім?

Сұраған Рахметұлы — осы өлеңнің авторы.

Кітап бедерлеріне ұқсайды бөрене кесінділері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кітап бедерлеріне ұқсайды бөрене кесінділері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұраған Рахметұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кітап бедерлеріне ұқсайды бөрене кесінділері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері