Бір асу бар арада – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бір асу бар арада» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1395
Арамызда бір күдік – сенбестік бар,
Арамызда бір үміт – сөнбестік бар.
Екі оттың оранған ортасында –
Арамызда, әйтеуір, дербестік бар.
Бір асу бар арда – түрпі нағыз,
Сол түрпіні жеңе алмау – күлкі нағыз.
Екі жақта тұрып-ақ екеуіміз,
Бірімізге біріміз ынтығамыз.
Нар тәуекел, кәнеки, етейік те,
Сол асудан сүрінбей өтейік те.
Бірімізге біріміз жетейік те,
Қол ұстасып қиянға кетейік те.

18.02.2001 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір асу бар арада өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бір асу бар арада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір асу бар арада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір асу бар арада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері