Суық үрей жортып жүр – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Суық үрей жортып жүр» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1381
Суық үрей жортып жүр жер бетінде,
Ұйқыдағы үңілед елге түнде —
Сілекейлі ақсиған жұлдыз - азу,
Ай - көзі бар ақшиған келбетінде.
Суық Үрей. —
Есімі Түн болады,
Түнді ойласам жігерім құм болады.
Түн-тажалдың жолында жүріп өткен -
Өліктер мен үйінді күл қалады.
Тағы, міне, келіп тұр ұнтағалы,
Шалғайымен Жарықты қымтағалы.
Кілең Тірі Сүйекті кешіп барад,
Бытырлата сындырып Түн Табаны.
Жер бетінде жортып жүр Суық Үрей,
Ілебінен сынды үйдің уығы кей.
Соңына еріп Үрейдің,
Түн жамылып
Соғатындай бір күні Ұлы Дүлей.
Тиіс, бірақ, дүние жаңаруға,
Керуенін Үрейдің доғаруға.
Амандасып әрдайым тұрмақ парыз,
Ақ шәйіге оранған Таң — Аруға.
Қашсын десең Ғаламнан Түн түріле,
Ұя салған талдардың бүртігіне —
Таңның әппақ Сәулесін жағу керек,
Түн — Үрейдің көзінің кірпігіне... 

18.06.1985. Алматы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Суық үрей жортып жүр өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Суық үрей жортып жүр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Суық үрей жортып жүр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Суық үрей жортып жүр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері