Таңғы табысу – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Таңғы табысу» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1406
Жүр, сәулем, қозғалайық, таң білінді,
Жетті ертіп періштелер мәңгі күнді...
Сен сонда жылап жаттың,
Дала-кеудем
Сімірді сімірудей жаңбырыңды.
Мәңгі күн ақ арайға шықты ілесіп,
Ұлы жер тербелгендей — құтты бесік.
Өткінші түнде жауған шөпке тұнып,
Екеуміз кеттік сосын шықты кешіп...
Рәйіс — сол бір тәтті кез есімде,
Шаттықтың шарап толған көзесінде.
Ерніңді жан сүймеген
Бірінші — мен,
Күн сүйді содан кейін — сезесің бе?!
Түседі сол түн еске бақты көрсем,
Сондағы сезімдерге ақ түн өлшем.
Атқанда күн шығыстан үлбіреп таң,
Үлбіреп күліп келе жаттың-ау сен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңғы табысу өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Таңғы табысу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңғы табысу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңғы табысу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері