Басым сынып барады, басым сынып

Бұл бетте «Басым сынып барады, басым сынып» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1535
Басым сынып барады, басым сынып,
Жарым отыр жанымда жасын сығып...
Құбыжыққа айналған қоғам мынау
Барлық сөлін ап қойған ғасыр сығып.
Миым түсіп барады, миым түсіп,
Қайыршының тіршілік күйін құшып.
Бір топалаң тигендей көрпе-жастық
Домаланған бөтелке, үйім – құсық.
«Кіммін өзі?» - біле алмай зәу-затымды,
Қалдырыппын таусылмас дауға атымды.
Қай жақтан пайда болды мендейлерің
Айыра алмас Құран мен Тәуратыңды.
Шайтан біткен жабықтан жыртыңдай ма
,Ниет бөтен бүгінде, құлқын майда.
Әруақтар сабады түнеукүні
Тегім қайда, Құдай-ау, ұлтым қайда?
Қарқылдайды басымда қара қарға,
Аузы ашылып қалмаған жара бар ма?
Мазақ боп жүр қара көз қалаларда,
Пана таппай тентіреп далаларда.
Кәлимаға келмейді тіл бұралып,
Текті болмас қашан да құл құралып.
Жақсы сөзді ұшырды долы дауыл,
Ниетімді кірмелер қылғып алып.
Басым сынып барады, басым сынып,
Жан-дүниемді ғаламат ғасыр сығып.
Айбалтамды сайламай болмас деймін,
Қалтасына дұшпан тұр тасын тығып.

4. 09. 2008.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Басым сынып барады, басым сынып өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Басым сынып барады, басым сынып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Басым сынып барады, басым сынып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Басым сынып барады, басым сынып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері