Дала философиясы – Аманқос Ершуов

Бұл бетте «Дала философиясы» атты Аманқос Ершуов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 901
Аптап ыстық,
Өң-түссіз өлі дала,
Жортатын некен –саяқ бөрі ғана.
Керуен сахарада сандалады
Алар ма алақанға өмір-ана.
Аралап астанасын көп өлкенің,
Тиеген қазынасын,
нелер теңін.
Ал қазір бір құмыра су түгілі
Келеді қат боп өзі көлеңкенің.
Сағым да теңіз болып кеткен алдап,
Жұтады уайым деген дерт те жалмап.
Оңай ма, оппа құмды омыраулап,
Қалт тұрды
Қара нарлар төрт тағандап.
Адамдар омырауын ашты мұңға,
Алжасып ақылынан шаш жұлуда.
-Ей, аспан, бір тамшы су, су,- десіп,
-Аямай алтындарын шашты құмға.
Бәрі де бағынышты,
Жалынышты.
Байлығын қара дауыл алып ұшты.
Тоймаған дүниеге керуеннің
Шөл дала шөпілдетіп қанын ішті.
Айтады осылайша хабар далам,
Бұл сурет сабақ болар
Саған,
Маған.
Тағдырды тарыдай боп шашыларда
Алтын да аман сақтап қала алмаған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дала философиясы өлеңінің авторы кім?

Аманқос Ершуов — осы өлеңнің авторы.

Дала философиясы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дала философиясы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дала философиясы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері