Талшыбық – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Талшыбық» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1017
Жапырағынан жас емес-ау, зар шығып,
Қара күздің жаңбырына малшынып.
Қалтырайды суық желдің өтінде,
Сен екеуміз отырғызған талшыбық.
Өктемдіктен өне бойы майысып,
Қаталдықтан кеткен екен қайысып.
Қара нөсер жапырағын жұлқылап,
Қояр емес сайысып.
Соққы болған жаз көңілге гүл шырын,
Басып озған қара нөсер тырсылын.
О, құдайым!
Айқын естіп тұрдым мен,
Талшыбықтың тамырының дүрсілін!..
Талшыбықтың, шайған жанның айнасын,
Көктен келіп сүртпесі анық ай жасын.
Қорған болшы, қаталдықтан қорғашы,
Қайдасың сен?
Қайдасың?!
...Мөлдір мұң кеп жапса-дағы көзімді,
Талғажау ғып жүрмін әлі төзімді.
Қарап тұрмын біздер еккен шыбыққа,
Аяп тұрмын оны.
Сосын өзімді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талшыбық өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Талшыбық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талшыбық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талшыбық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері