Бөлтірік жыры

Бұл бетте «Бөлтірік жыры» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1685
Ананың айдаһары бар,
Мынаның самұрығы бар,
Менің кімім бар ?
Есенғали.

Сен бөрісің, ағасы,
Мен — бөлтірік,
Тісім шықпай ішімнен келгем тынып.
Апанымнан бір күні сығаласам,
Дуылдасып жүр екен ел жең түріп.
Кетіп қапты замана көші ілгері,
Ере алмасам, атанам не үшін бөрі?..
Жанықтым мен содан соң,
Азу үнін
Көк түріктің тіліне көшіргелі.
Дырдуға алаң болмай-ақ, әзілге алаң,
Жаза басып, деместен жазым болам —
Бір сөз айтқым кеп еді адамдарға —
Құранның да өзіңде жазылмаған.
Сол-ақ екен, сойылдап ел желкеден,
Қуалады ит қосып өрден төмен.
Кердең, керең зарымды ұқпағасын,
Ырыл шықты кеудемнен — көрден терең.
Мынау елдің ашылып кекті араны,
Шырақ алып ізіме коп қарады. 
Жанарлары қан-талақ — Зәнталақтың
Дыбыстары миымды жеп барады.
Ғайса, Мұса, Буддасы, ал бірінің
Алласы бар — басатын жан дірілін.
Ешкімі жоқ мен бейбақ көкке қарап,
Қара аспанның жалаймын қанды іріңін.
Ортасынан қуғасын жұрт жабылып,
Күніменен ел көшкен жұрттан ұлып;
Сыртқа жүнім қомпайтып, шарасыздан
Кірем кешкі Шаһарға бұлт жамылып.
Жаным жүдеп қараймын, көз боталай,
Біз бас сұғар қуыстар аз ба, қалай?..
Иріледі алдымнан түнгі қала —
Қабыршағы жылтылдап аждаһадай.
Жүрегімді жыртқанда ұран-түрен,
Түрткісі кеп тағы да тұрар түлен.
Апанымда жарамды жалап жатам,
Ұғыса алмай қаптаған бұралқымен.
Ит даусынан жасырып тұрағымды,
Жалтақтаймын жан таппай қылар үлгі.
...Бәз даладан көне бір апан көрсең
Ей, Бөрі аға! — Түре жүр құлағыңды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөлтірік жыры өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Бөлтірік жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөлтірік жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөлтірік жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері