Кісен

Бұл бетте «Кісен» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 717
Көрсем оны бiр орнымда тұра алмай,
кетемiн ғой қазiр ендi сынардай...
Музейде ендi жатыр кiсен шынжырлы
екi басты шұбатылған жыландай.
Шағамын да қатырам деп табанда,
ашқарақ бiр ауызын ашып жалаңдап
екi басты темiр жылан ысылдап
жүрген менiң даламда.
Иретiлген шынжырлардан жаралған,
шыға келiп қауiптi iннен, қамалдан
аттаттырмай қарға адым жер
сол жылан
ақиқаттың аяғына оралған.
Халқы менен даласы үшiн ант етiп,
сөз алатын найзағайдай жарқ етiп
азаттықтың аяғына
сол жылан
оратылған сарт етiп.
Жатып-жатып үнсiз-түнсiз тыныстап,
кететұғын кенет шалқып құрыштап
кең даламның тұрмақ болған сол жылан
өлең-жырын,
ән мен күйiн уыстап.
Шыдай алар қалай ғана ар бұған,
шыдай алар қалай ғана жан бұған.
Кең даламның арманы мен үмiтiн
оратылып шырмап тұрған сол жылан.
Ашқан қанша ашқарақ қос шеңберiн,
өнер емес оған түскен өрнегiм.
Махаббатқа еркiндiктi аңсаған
салған барып қара темiр шеңгелiн.
Сылдыр етсе ол ұлы далам дiр еткен,
шығармаған оны қапас, түнектен.
Қос аяқтан шаққан жылан уы ендi
бiр-ақ шыққан жүректен.
Бүгiнде ендi музей оның тұрағы.
Көрсем бiрақ бар шыдамым сынады...
Сол заманды ойласам мен
жүректен
сол жыланның уы тамып тұрады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кісен өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Кісен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кісен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кісен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері