Тас

Бұл бетте «Тас» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.05.2021
  • 0
  • 0
  • 5193
Көгілдір, мөлдір көк аспан -
Көлеңке, сәуле ойнағы.
Ойнаса онда жылпың жел,
Жыртылад шарбы, қаймағы.
Жел қуалау, бұлт қашу -
Жігіт-қыз айтса, тойдағы.
Көк күмбезде күнде ойнақ,
Ойнады да қоймады.
Бұлт бір мезгіл бұрқырап,
Астарлады аспанды.
Асқарға соққан асқақ жел,
Тас сүзді де жасқаңды.
Нөпір нөсер шүмектеп,
Жасылдан жалтыл басталды.
Балбыраса да барлық зат,
Тас күйінде тас қалды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тас өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Тас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері