Жас бұлбұлдарға – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Жас бұлбұлдарға» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ал сайра, жас бұлбұлдар, мұңды үнмен,
Көңілің көтеріңкі көгілжімнен,
Еркін таң, маңайғы жан көз тігіп тұр,
Сайра әнмен, сайра күймен, сайра мұңмен.
Қара құс, қаршығаның қанаты жоқ…
Солқылдат, қаупің жоқ енді ешкімнен.
Солқылдат, бақытына кез болып тұр,
Зарыққан неше жолғы қызыл гүлден.
Жас бұлбұл, құлағыңа салдым мұны,
Халыққа айт, білдір, сайра алдыңғыны.
Ем болсаң ғаріп көңіл нашарларға,
Жабығып жатқан жалпы жарлың, міне.
Солардың мұңы менен мұқтажын айт,
Атқанын қышқыр еркін таңның міне.
Көргенді, көк қанатты, күйлі құсым,
«Бос сөз» деп көре көрме қалжың мұны.
Қайыспас қанаттарың қия тастан,
Құтылдың сусыз шөл мен қу ағаштан,
Қарасаң жанның бәрі кетіп жатыр,
Қу шөлден, қараңғылық тұман басқан.
Дауыстап «ел мұндалар», ер таба алмай,
Адасқан таянып тұр өлуге аштан.
«Соларды маңайына тартады» деп
Сайрасын дейтұғын сөз қарлығаштан.

1921 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас бұлбұлдарға өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Жас бұлбұлдарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жас бұлбұлдарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жас бұлбұлдарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері