Бұл бетте «Жапырақтар мен тамырлар» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Жасанған, жасыл ағаш, жазғы күнде,
Маңайын көлеңкемен жауып мүлде.
Сыбырлап желге ағаштан жапырақтар
Мақтады көптігін де, көктігін де:
«Бекер ме, өлке көркі біз емес пе?
Кім сенер ағаш көркі біз демеске?
Көркейіп, бұйраланған бізбен ағаш,
Айбынды шын сұлудың өзі емес пе?
Ағашта біз болмасақ бар ма көрік?
Мақтансақ тұрған жоқ па жөні келіп!
Ыстықта күйген малшы, талған жолшы
Бәріне тұрмаймыз ба сая болып?
Билетіп малшыларды той қылғандай,
Ерте, кеш күй тартады бұлбұл торғай.
Самал жел, өзің дағы айналсоқтап
Кетпейсің қасымыздан байланғандай».
Дегеңде жер астынан күңкілдеді үн:
«Жән жоқ па, бізге рахмет айтатұғын.»
Жоғарғы шулап кетті жапырақтар:
«Тіл қатқан төмендегі арсыздар кім?»
– Біз солар, қараңғыда жерді қазып,
Сіздерді асыраған беріп азық.
Ағаштың тамыры – біз сізді өсірген,
Білмейсіз бұл күнгеше бізді нағып?
Қашаннан мұның бәрі белгілі ғой,
Жол болсын, көгере бер, көтеріп бой.
Аз ғана арамызда айырма бар,
Жалғыз-ақ осы арасын ескеріп қой:
Жаз сайын жапырақтар жаңарады;
Егер де десек тамыр суалады,
Болмайсыз біржолата сіз де, ағаш та,
Қопарыла құлауға қуарады.
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі