Дала төлі – Мерей Қартов

Бұл бетте «Дала төлі» атты Мерей Қартов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.12.2020
  • 0
  • 0
  • 775
Қияққұлақ құлын-жондарға
бәйіт оқиды паң қарға.
Желіні жер сызған көп бұлттар
жата кетпекші жарларға…

Маңырақ Сауыр-Маңырақ,
балғын шилердің бəрі-лақ.
Қыдыр Атаның демінен,
қозыжусандар жамырап…

Желдінің ширап жыңғылы,
кесілген бүрген кіндігі.
Уыз емізіп бүрлерге,
уылжый түсер Күн нұры.

Төлдеген Дала төсінен,
өркендеп мен де өсіп ем.
Жұпар аңқыған Жұмақтан
Туған Жерімнің несі кем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дала төлі өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Дала төлі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дала төлі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дала төлі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері