Мәңгілік музам менің – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Мәңгілік музам менің» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мәңгілік музам менің, табындырған,
Өзіңсің жаным тербеп сағындырған.
Ерітіп, елжіреттің жүрегімді,
Өзгермей сан бояулы сағым нұрдан.
Өзіңсің от жалыным лапылдаған,
Өзіңсің құштарлығым басылмаған.
Арқалы ақын да мен, батыр да мен,
Ешкімге ешқашан да бас ұрмаған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері