Жаманға – мал, жал бітер жаман атқа – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жаманға – мал, жал бітер жаман атқа» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаманға – мал, жал бітер жаман атқа,
Жалды деп жаман атты тағалатпа.
«Жаманға мал бітті» деп желіктіріп,
Тектіге тексіз итті абалатпа.
Тағалы ат тепсе біреу мерт болады,
Тексіздің жүрген жері өрт болады.
Тағалы сирақ бір күн итке жем боп,
Малғұнның малы өзіне дерт болады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері