Тұмарым

Бұл бетте «Тұмарым» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.06.2018
  • 0
  • 0
  • 8154
А. С. Пушкиннен аударма

Сақта мені, тұмарым,
Қуған күні сен сақта,
Өкініште, опықта;
Tap күнімде ұшырадың.
Сапырып теңіз суларын
Айналамда өкірсе,
Бұлт басып, жай жеткірсе,
Сақта мені, тұмарым.
Жерінде жат жұрттардың,
Жалғыз үйде қалғанда,
Жалындаған майданда,
Сақта мені, тұмарым.
Сиқырлы жан шырағым...
Қасиетті тәтті алдау,
Айныды да жоғалды-ау...
Сақта мені, тұмарым.
Сеппесін ой уларын,
Жүрек жара, күшті дерт,
Ұйықта тілек, хош үміт,
Сақта мені, тұмарым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұмарым өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Тұмарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұмарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұмарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері