Ішкі жалын

Бұл бетте «Ішкі жалын» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 502
Мұңын, сырын, жан сезімін ақтарған,
Ақындарда арман бар ма жақ талған.
Өкпем менен бауырымды аяймын,
Ішімдегі жанған оққа қақталған.

Табиғатым нәзіктігін ескермей,
Жанар таудан қызыл көшкін көшкендей.
Ойлануға мұрса бермей жалындар,
Бара жатыр бір-біріне дес бермей.

Сияқтанам дөңгеленген диірмен,
Қызыл жалын тесетіндей бүйірден.
Іштен жанып кетер болды бұл жан деп,
Кім бар дейсің тағдырыма күйінген?!

Жүрек қысып, өкпем ісіп кеткенде,
Бұл қиналу болса деймін тек менде.
Отырамын бүйірімді таянып,
Жұрттың бәрі шырт ұйқыға кеткенде.

Ел қатарлы күн көрмесең тағы сын,
Пайымдайсың тіршіліктің ағысын.
Емханаға жөнелтер ед қазір-ақ,
Көрсе біреу жүрегімнің қағысын.

Мынау жұртқа бар ма жырдың керегі?
Арпалысып, қызық қуып келеді.
Түйдектеліп жыр тығылса тамаққа,
Топты ортадан тұра қашқың келеді.

Жалын жырлар ой түбіне бұғыңдар,
Кезектерге тұру дейтін ұғым бар.
Кең дүние керек болса жалын жыр,
Асықпастан бірден-бірден шығыңдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ішкі жалын өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Ішкі жалын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ішкі жалын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ішкі жалын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері