Білмеймін кімге жылап, кімге сенем – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Білмеймін кімге жылап, кімге сенем» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 843
Білмеймін кімге жылап, кімге сенем,
Шоқ іздеп қолым күйді күл көсеген.
Мұнарды көңілімді мұң басқанда,
Сәуле ішкім келеді бір Күн кеседен...
«Жылы жүрек» таппадым бір адамнан,
Көңіл деген, көңіл ме, сұрап алған.
Көкірегіне жүзімді көміп тұрып,
Өмірде бір бақыт қой, жылап алған.
Білмеймін, жылаймын ба, күлемін бе,
Мұң ұйып тұрғандай бір гүл өңінде.
Құс жүрекке кеудем тас түрме болды,
Маған қызық жоқ екен бұл өмірде,
Жылай алмай отырмын, күлемін бе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білмеймін кімге жылап, кімге сенем өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Білмеймін кімге жылап, кімге сенем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білмеймін кімге жылап, кімге сенем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білмеймін кімге жылап, кімге сенем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері