Пейіл – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Пейіл» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1384
Келіңдер –
Есік ашық, сыйлы ағайын,
Жаюлы дастарқанды жинамайын.
Тәбетің тартқанынша іш те, же де,
Барында мен несіне қиналайын.
Келіңдер –
Дәулетім бар шақта, ағайын,
Барымды алдарыңа ақтарайын.
Шалқып бір отырайық тамашалап,
Қалтада артық ақша сақтамайын.
Келіңдер –
Ортақтасып ойлы ағайын,
Мендегі әр қуаныш, тойға дәйім.
Мейлі мен ой бағайын, қой бағайын,
ек қана өздеріңмен ойланайын.
Осы өмір –
Жұмағымыз, үй-бағымыз,
Бәрі де қалады артта, иланыңыз.
Өзара тіршілікте сыйласуға
Жараса болғаны да жиғанымыз,
Тек қана жоғалмасын иманымыз.
* * *
Қарағайдай жарып шыққан тастан тік,
Қайсар өстім,
Қайыспадым бастан түк.
Солқылдақпен соқтығыстым, соғыстым,
Жанға, бірақ, жасамадым қастандық.
Көкірегіме тек ізгілік ұялап,
Көтерілдім көк төсіне қиялап.
Жалғандықпен жағаластым, жұлыстым,
Жанға, бірақ, жасамадым қиянат.
Көрсем-дағы кей пенденің кесірін,
Қатты серпіп жапқаным жоқ есігін.
Ал, адамдық ардан безген сұрқия
Жанға, бірақ, жасамадым кешірім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пейіл өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Пейіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пейіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пейіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері