Көркіңе сеніп – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көркіңе сеніп» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1340
Көркіңе сеніп,
Құбыла берме.
Желікке еріп,
Жығыла берме.
Арамға көніп,
Ығына ерме.
Арманның берік
Шыңына өрле.
Ұзамас көпке,
Өтеді жазың.
Жылыстап шетке,
Кетеді назың.
Біртіндеп бетке
Жетеді әжім.
Өткен күн текке
Етеді жазым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көркіңе сеніп өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көркіңе сеніп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көркіңе сеніп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көркіңе сеніп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері