Самал
Бұл бетте «Самал» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Самал – қоңыр жел ғана ма?
Өмір толы самал леп.
Аймаламай ма самал боп
Жайлы, жылы хабар кеп?
Самал қоңыр жел ғана ма?
Өмір толы самал леп.
Қабағынан күнді ұялтар
Самал ескен жамал көп.
Самал жібек жел ғана ма?
Өмір толы самал леп.
Тұнық, мөлдір айдындайын,
Самал ескен жанар көп.
Самал жібек жел ғана ма?
Өмір толы самал леп.
Пәк көңілді, ақ көңілді
Ғазиз жанды табар кеп.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі