Бұл бетте «Наз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
29.07.2021
0
0
895
Мен сені мынау тұрған
Тау сынды асқар деп ем.
Жанымды соның заңғар
Шынына бастар деп ем.
Мен сені мынау жатқан
Көлдейін шалқар деп ем.
Көңіліңді күн шуағы
Жаныңды дарқан деп ем.
Асқардың ақ төсіңде
Сен деп ем ақ қаршыға.
Ақынның жыры жаққан
Жүрегінде от бар шығар.
О, достым, мен өзіңнен
Бұдан да көп күткен ем.
Аяғын өлеңімнің
Бітірем көп нүктемен...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі